18.05.2014
Жедел мәліметтер бойынша, КО пен БЭК мүше елдердің үшінші елдермен сыртқы саудасы 2014 жылдың I тоқсанын да 213,4 млрд. долларды көрсетті. Оның ішінде экспорт - 141,5 млрд. долл., импорт - 71,9 млрд. долл. құрады.
Егер, өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстыратын болсақ, сауда көлемі 2,1%-ға немесе 4,6 млрд. долл. төмендегені байқалады. Ал, тауар экспортының көлемі өзгермесе, импорт 5,8%-ға немесе 4,4 млрд. долл. қысқарған.
Тауардың сыртқы саудасының сальдосы 69,6 млрд долл. құрап, оң нәтиже көрсетті. 2013 жылдың I тоқсанында ол 65,4 млрд. долл. жеткен.
Егер, жанармай-энергетикалық тауарларды есепке алмайтын болсақ, үшінші мемлекеттерге тауар экспорты 1,5%-ға, импорт 5,6%-ға төмендеді.