• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Хулхачиев ЕАЭО интеграциясындағы  ЕАК  жұмысы туралы әңгімеледі 17.05.2014

Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаментінің директоры Бембя Хулхачиевтің айтуынша, қаржы нарығы ашықтығын арттыру мен интеграцияланған ақпараттық кеңістікті құру – Комиссияның алға қойып отырған міндеттемелері болып табылады. Осы орайда ЕЭК тарапынан екі келісім дайындалды: Қаржы нарығындағы қызметтерді іске асыру талаптары туралы келісім мен Қазіргі таңда мемелекетішілік келісім алу процесінен өтіп жатқан ақпарат алмасу келісімі.

Алғашқы келісімнің мақсаты қаржы нарығында, соның ішінде қаржы қызметтерін іске асыруға лицензия беру талаптары мен шарттарындағы қызметтерді реттеудің әдістерін жақындату болып табылады. Екінші келісімнің іске асырылуы бақылау органдарына жалпыға ашық ақпарат пен жасырын ақпарат алмасуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар, ЕЭК қаржы саясаты департаменті директорының айтуынша, Комиссия реттеушілермен бірлесе отырып нақты шараларды анықтайтын заңнаманы үйлестіру жоспарын дайындауда.  

Үйлестіру жоспары КО мүше мемлекеттердің басшылары тарапынан мақұлданады. Жоспар бойынша, комиссия оның орындалу барысына мониторинг жасайды.

ЕЭК өкілі бұдан бөлек БЭК елдерінің қаржы нарығын дамыту бойынша бірыңғай стратегиялық құжатын дайындаудың маңыздылығына тоқталды.


Back to the list