• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
КО елдерінің ішкі экономика қорын қуатты қаржы нарығы қамтамасыз етеді – Б. Хулхачиев 17.05.2014

Мәскеудегі Еуразиялық іскерлік кеңес отырысы барысында  ЕЭК қаржы саясаты департаментінің директоры Бембя Хулхачиев ЕАЭО аясындағы қаржы нарықтарының интеграциялануы жайлы әңгімеледі, деп ЕЭК ресми порталында хабарлады.

БЭК қызметі аясында серіктестік ұйымдар мен мемлекеттік билік ортасында ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Еуразиялық іскерлік кеңес аясында техникалық реттеу, баға беру, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үрдістердің негізгі элементтері және қаржы нарықтарының жағдайы талқыланды.

Отырыста сөз сөйлеген ЕЭК қаржы саясаты департаментінің директоры Бембя Хулхачиев қуатты қаржы нарығы КО елдерінің ішкі экономика қорын қамтамасыз ететіндігі жайлы атап өтті.

«КО елдерінің экономикасының тұрақталуын сыртқы қаржы нарығы арқылы жүзеге асыруға болады», - деді ЕЭК төрағасы.

Оның айтуынша, БэК мүше-елдерінің заңнамасының үйлесуі сыртқы саясаттың бірыңғай болуына тәуелді.

ЕЭК өкілі қаржы саясатындағы ЕЭК қызметі туралы әңгімеледі. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келісім шарт бойынша халықаралық келісім шарттарды кодтау жүзеге асады.

 


Back to the list