16.05.2014
Кездесу барысында ҚР Үкіметінің қолдауымен Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы бойынша Жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, атап айтқанда, мұнай-газ саласындағы, кедендік бекеттердің жұмыс істеуіндегі, ауыл және су шаруашылығындағы, көші-қондағы, эпизотикалық жағдайлардағы, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік салаларындағы перспективаларды қарады.
«Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас экономикалық тығыз байланыста, ырғақты дамуда. Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы ынтымақтастығымызды арттырып, біздің елдеріміз экономикалары мен халықтарының игілігіне қызмет ететін болады»,-деді Б.Сағынтаев.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары екі ел арасында достық қарым-қатынас қалыптасқанын және пайда болған барлық мәселелерде түсіністік табылып келе жатқанын атап көрсетті.
Өз кезегінде, Т.Сариев қырғыз жағының Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға әзір екендіктеріне және талқыланған мәселелер бойынша қолдауға ие болатынына үміт артатындықтарына тоқталды.