16.05.2014
«Қазіргі күн тәртібінде тұрған басты мәселе – Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кедендік кодексін дайындау. Біздің ойымызша, онда үздік халықаралық стандарттар мен қазақстандық тәжірибенің прогрессивті элементтері қамтылмақ. Қазақстандық кедендік заңнама бүгінгі таңда үздіктердің қатарында», - дейді Т.Доскенов.
Сонымен қатар, ол қазіргі таңда Кедендік кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізудің Ұлттық заңнамасы келісім алу процедурасынан өтіп жатыр.
«Біз уақыт өте келе электронды құжат айналымына көшетін боламыз. Еуразиялық экономикалық комиссия қызметіне келер болсақ, Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік реттеудің ыңғайлы жүйесі қалыптасып, кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың механизмі жетілдірілген. Осы орайда мемлекеттік реттеудің ресейлік парадигмасы кәсіпкерліктен барынша алшақ. Тіркелген қауымдастықтар, ғылыми сараптама, сараптамалық кеңес арқылы жобаларды сараптау секілді іріктеулер Қазақстанда заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік берді», - дейді Т.Доскенов.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссияда бұндай іріктеулер жоқ.
Мадина Нұрбекова