16.05.2014
«Кентау трансформатор зауыты» АҚ трансформаторлық құрылғы және электротехникалық өнім өндірісінің қуаттылығын жаңғыртып, кеңейтті. 2012 жылы трансформаторларға арналған бұйымдар өндірісінің цехы іске қосылды», - дейді Б.Қасымбеков.
Өнеркәсіп комитеті төрағасының айтуынша, компания 2010 жылғымен салыстырғанда экспорт көлемін 2013 жылы 2,5 есеге арттырып, 20 млн долларға дейін жеткізді. Соның ішінде Кедендік одақ елдеріне шыққан экспорт көлемі 8,4 млн долларды құрайды.