29.05.2014
«Еуразиялық экономикалық одақ аясында комиссия мен өнеркәсiп саласындағы арнайы субсидияларды келiстiру артық деп ойлаймын. Қазақстанда үдемелi индустриялды бағдарлама, бизнестiң жол картасы-2020 және тағы да басқа қолдау шаралары жүргiзiледi. Бiз осы тәрiздi субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек», - дедi Т.Доскенов.
Сондай-ақ, ол ҰКП өзге маңызды сұрақтарды шешуге ұмтылып отырғандығын айтты.
«Ықпалдастыққа кедергі келтіретін бірқатар жұмыстар мен шектеулер баршылық. Бүгін интеграцияның басты кедергілері екіжақты сауда, техникалық, кедендік, ЕурАзЭО аясындағы реттеу болып табылады», - деді Т. Доскенов.
Мадина Нұрбекова