• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өскемен конденсатор зауыты КО  елдеріне 65% өнім экспорттады 16.05.2014

««Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС 2013 жылы өндірген өнімнің 73% немесе 8,5 млн долларды  экспортқа шығарды. Оның ішінде  7,5 млн доллар  тауары немесе 64% Ресейге, Белоруссияға 1% немесе 141 мың долл. және өзге нарықтарға 8% немесе 865 мың долл. өнімі жөнелтілді», - деді Б. Қасымбеков.

Оның мәліметі бойынша, кәсіпорын 2010 жылмен салыстырғанда КО елдеріне экспорт көлемін 15%-ға арттырған.

Бұл салада ШҚО «Өскемен арматура зауыты» АҚ жағымды жаңалықтары көп. Компания 2010 жылдың соңына қарай өндірістік құаттылықты жаңартты. Жоба зауыттың КО елдеріне ілмек арматурасының экспорттын  1,4 есе арттырып, табысын 43,1 млн. долл. дейін көбейтті. Жалпы,кәсіпорын өндіріс өнімінің  72% РФ экспорттайды екен.


Back to the list