29.05.2014
«Қазіргі заманғы еуразиялық бастама ең бірінші кезекте қатысушы-елдердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігін ескереді. Бұл интеграциялық үрдіске қатысушы-мемлекеттердің негізі болып табылады. 1999 жылдың ақпан айында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан КО мен БЭК туралы келісім орнатты. Олар интеграцияның үш деңгейін белгіледі: Еуразиялық Экономикалық қауымдастығы және еркін сауда аймағы, Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік», - деді Б. Қасымбеков.
Сонымен қатар ол, интеграция экономикалық субъектілердің бірігуі мен тереңдеуі, өзара қатынасы және олардың арасында байланыстардың нығаюы екенін еске салды.
«Интеграцияның негізгі артықшылықтары - ұлттық егемендіктің нығаюы, тауарлардың, капиталдың, қызметтің, жұмыс күшінің еркін айналымы, ішкі нарықтардың кеңеюі, жаңа технологиялар мен құралдардың таратылуы, экономикалық белсенділіктің артуы, аймақтық қауіпсіздіктің нығаюы мен инвестициялар ағымдарын ынталандыру болып табылады», - деп вице-министр толықтырды.