• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Сағынтаев ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты 14.05.2014

«ЕАЭО туралы Келісім жобасы әзірленді. Келесі қадам ішкі мемлекеттік процедураларды жүргізу болады. Сондай-ақ, Келісім жобасы осы жылғы 29 мамырда Астанада өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы барысында мемлекет басшыларының қол қоюына дайындау үшін мемлекеттік тілге аударылатын болады»,-деді Б.Сағынтаев ЕЭК кеңесі қортындысы бойынша.

Тұтастай алғанда, ЕАЭО туралы Келісім жобасы одаққа мүше мемлекеттер экономикасын, оның ішінде көлік, энергетика, агроөнеркәсіп салаларын, ортақ нарықта адал бәсекелестікті дамыту үшін өзара тиімді, тең құқықты экономиканы өрістетуге қосымша серпін береді.Тұтастай алғанда, Келісім жобасын дайындау шеңберінде келісімдерге қол жеткізу жөнінде алға үлкен қадам жасағанымызды атап өтемін.

«Біздің бірлескен жұмысымыз елдеріміз арасындағы интеграцияның жоғарғы деңгейде екенінің көрінісі, тең құқықты әріптестік қатынас әлеуетін тиімді пайдалануға пейіл екенімізді атап өтуге тиіспін»,-деп сөзін қортындылады Б.Сағынтаев.


Back to the list