14.05.2014
«Құзіреттерді жіктеу өте маңызды болып табылады. Ұлттық органның не қабылдайтынын және оны қалай бөлу керектігін дұрыс түсіне білу керек. Сонымен қатар, ұлттық заңнама аясында ол қалай көрініс табатынын зерттеу керек», - дейді депутат.
Сонымен қатар, ол түрлі мәселелерді қандай жауапты органдардың шешетінін және айналысатынын қарастырып, дайындау қажеттілігіне тоқталды.
«Теңдік пен пайданы ортақтай көру жағын ойластыру керек. Ол үшін құқықтық әділдікті сақтау керек. Менің пікірімше, жауапкершілік, құзірет пен міндеттерді теңдей бөлген жағдайда барлығы да түсінікті болып,барынша жемісті жұмыс істеп, экономикамыздың өрлеуіне бағытталатын боламыз», - дейді.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан бәсекелестікті арттыру мен кәсіпкерлікті дамытуда өте нәтижелі жұмыс жасап келеді.
«Біздің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңнамалық процестерге қатысады. Сонымен қатар, бізде бизнес немесе бизнес құрылым қандай да бір заңның міндетті талабына сай келмейтін болса, оны Парламентке қабылдамайтын туралы арнайы норма бар», - дейді А.Соловьева.
Мадина Нұрбекова