• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
КО құрылғалы Қазақстанда көлік өндіру 24 есеге өсті – Е. Бакенов 12.05.2014

«Кедендік Одақ қызмет істегелі бері көлік өндірісі бірқатар өсті. Автокөлік өндіру 24 есеге көбейіп, барлық автокөлік түрі бойынша 40 бірлікті құрады», - деді Е. Бакенов.

Оның айтуынша, бүгінде автөлік өнеркәсібі мультипликативтік әсерге ие болып отыр.

«Бұл әсер өнеркәсіпке тікелей нәтиже бергендіктен, оны туғызу өте маңызды, әсерді туғызу үшін инвесторларды тарту үрдісі жүреді. Бұл Үкімет интеграциялық үрдіс аясында өткізіп отырған оқиғалармен де байланысты», - деді ол.

Айта кетейік, 2013 жыл бойынша Қазақстан 24,1 млрд АҚШ долларын тікелей инвестиция арқылы  тартқан болатын. Қазақстан мен қатысу-елдер арасындағы сауда айналымы 2009-2013 жылдар аралығында 88,3 пайызға өсіп, 24,2 млрд АҚШ долларды құрады. Сондай-ақ, Кедендік одақ елдерімен экспорт көлемі де ұлғайды. Өңделген тауарларды КО аймағына экспорттау 44,9 пайыздан 54,6 пайызға жетті. 


Back to the list