• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Е.Бакенов: КО құрылғалы Қазақстанның тауар айналымы 88%-ға өсті 12.05.2014

«Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысудағы Қазақстанның басты маңызды мақсаттарының бірі инвестициялық қызығушылықты арттыра отырып сату нарығын кеңейту негізінде өңдеуші өнркәсіпті дамыту болып табылады. Кедендік одақ пен оның артынша Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмыс істей бастаған уақыттан бері Қазақстанның өзге де қатысушы елдер  арасындағы тауар айналымы 88%-ға артып, 24 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, Кедендік одақ елдеріне экспорт көлемі 62%-ға көтерілді», - дейді Е.Бакенов.

Сонымен қатар, ол КО елдеріне өңдеуші өнркәсіп тауарлары туралы да айтты.

«2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өңделген тауар  экспорты 2 есеге артты. Осыған байланысты елге кіргізілетін өңделген өнеркәсіп тауарларының   импорт көлемі 44 пайыздан 55 пайызға артты», - дейді ол.

Е.Бакенов жылдық тауарлар экспорты көлемінің арту факторларына да тоқтала кетті.

«Мысалға, кондитерлік өнім экспорты 3 есеге, трансформаторлар экспорты көлемі 11 есеге, Беларусь пен Ресейге  жеңіл металлонажды  жүк көліктерінің экспорты көлемі 17 есеге артып, аккумулятор экспорты КО елдері ішінде 1,7 пайыза көбейіп, кондицаторлар 1,3 есеге, сусынар тасымалы 13 есеге артты», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова

 


Back to the list