• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АЭФ аясында «Еуразиялық ықпалдастықты қоғамның қабылдауы» панельді сессиясы өтеді 11.05.2014

Бұл Сессия халық пен элита тарапынан экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени салалары бойынша ТМД мемлекеттерінің ынтымақтасу және қауымдасу үдерістерін қабылдауы мәселесіне арналған, деп шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

ТМД мемлекеттеріндегі ынтымақтастық бағыттарды зерттейтін Қазақстан, Ресей және басқа мемлекеттерден жетекші сарапшылардың қатысуы және сөз сөйлеуі жоспарланған. ТМД мемлекеттерінің халқы мен элитасының Кедендік Одақ, Біртұтас экономикалық кеңістік пен қалыптасып жатқан Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАО) қабылдауы пікірталастың басты мәселесінің бірі ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ, Сессия барысында Еуразия даму банкінің ықпалдастық зерттеу орталығының негізгі жобасының бірі - «Еуразия даму банкінің интеграциялық барометрі» нәтижелері ұсынылады.

Жоба аясында  еуразиялық ықпалдасудың және қауымдасудің түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында ТМД өңіріндегі 12 елдің тұрғындарынан тұрақты түрде жыл сайын сауалнама өткізіледі.

Талқылануға ұсынылатын мәсеселер бойынша пікірталастың негізгі қатысушылары ретінде сарапшылар, ықпалдасу үдерістерін зерттеушілер, Қазақстан мен Ресейдің ірі зерттеу мекемелерінің жетекшілері, университеттерден, зерттеу құрылымдарынан, аналитикалық орталықтардан келген ғалымдар, Қазақстанда аккредитацияланған түрлі мемлекеттердің Елшіліктері мен Консулдықтары, халықаралық ұйымдары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері сөз сөйлейді.

 


Back to the list