05.05.2014
«Энергетика саласы өте күрделі. Жылдар бойы энергия жүйесінің жұмысы тоқтатылмады. Сатылымдар да жүзеге асуда. Алайда, біз бүгін ортақ нарық құрутуралы айта алмаймыз. Оның себебі қарапайым, Беларусь – 100 пайыз мемлекеттік вертикалды компания болса, Ресейде бірнеше нарықтық қуаттылық бар, ал бізде мүлдем бөлек дүние», - деді А. Рау.
Оның айтуынша, ЕАЭО аясында электрэнергетикасы тұжырымдамасы дайындалып, бағдарлама әзірленетін болады. «Сосын шамамен 2019 жылға қарай біз ортақ электрэнергетикасы нарығын құруға қадам басамыз. Алайда, менің ойымша, бұл біз үшін емес. Егер бізде басы артық электр қуаты бар босла, біз оны былай да сата аламыз», - дейді ол.
«Біз өз кезегімізде орнатылған механизмдер мен осы механизмдердің жекелеген кезеңдері отандық кәсіпкерліктің мүддесі үшін. Таратаптардың қайсыбірінің кәсіпкерлігінің мүддесіне қызмет ететін механизмді ешбір орган мен кеңестің дайындай алмайтынын айтқым келеді. Егер осындай жағдай болған күннің өзінде қатысушы мемлекеттерде деңгейді жоғары көтеруге немесе үкіметке вето қоюға мүмкіндігі бар. Бұл моменттердің барлығы дайындалған», - дейді А.Рау.
Мадина Нұрбекова