05.05.2014
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы идеясына 20 жыл уақыт өтті. Еуразиялық интеграция мемлекеттердің экономикалық қарым-қатынасын құрамына алады. Бұл интеграция құрудың негізгі мақсаты. ЕАЭС құрамындағы елдердің электрэнергетикалық саласы тарихи интеграцияланған», - деді Б. Жақсалиев.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылуы – бұл объективті үрдіс, негізгі күш арқылы бұл мемлекеттердің прагматикалық қызығушылықтарын қарастырады. Саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған.
«Қазақстанда электрэнергиясының либералды нарығы, Беларусияда интеграцияланған компанияның вертикалды нұсқасы болса, Ресейде электр қуатының негізі», - деді ол.
Айта кетейік, 2014 жылдың соңында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру бойынша Қазақстан, Ресей, Беларусь арасында келісімге қол қойылады.