04.05.2014
«Интеграция процесі кедендік кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді және бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Сондықтанда бізде таза прагматикалық экономикалық мүдде. Яғни, мемлекетті дамыту, экономиканы көтеру, ЖІӨ арттыру. Ал, саяси тәуелсіздік туралы айтатын болсақ, ол тұрақты шама. Қазақстан өзінің егемендігін ешкімге беріп қоймайды», - деп Н. Назарбаев атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы, Қазақстан өз еркімен кейбір уәкілеттілікті Еуропалық одақтағыдай ұлттық органдардың үстінен қарайтындарға беріп отыратынын тілге тиек етті.
«Еурокомиссия кедендік мәселелерді шешеді, оларды сауда, тариф, мұнай мен газды тасымалдау, электроэнергия, теміржол және автомобиль жолдары салаларында реттейді. Бізде мұның бәрін тұрақты шама негізінде бірлесіп таңдаған орган шешетін болады. Ал, соңғы шешім үш мемлекеттің келісімімен қабылданады. Сондықтанда осы мәселеде соншалықты күмән болмауы керек. Себебі, ол үш мемлекетке де бірдей тиімді. Дағдарыс кезінде оның пайдасы тіптен зор. Интеграциалық процесс алға жылжый береді және ол біздің тәуелсіздігіміздің нығаю мәселесі», - деп Н.Назарбаев түсіндіріп өтті.