• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
КО  3 елінің  ЖІӨ 2013  жылға қарсы 900  млрд долларды құрайды – Н. Назарбаев 28.04.2014

«Еуразиялық идея 21 ғасырдың екінші он жылдығының ортасында шынайы саяси, экономикалық және геосаяси келбетке ие болды. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес, ЕЭК табысты жұмыс істеуде. Қазақстан, Ресей, Беларусия бірыңғай Кедендік кодексті қабылдауда. Осылайша өздерінің макроэкономикалық саясатын үйлестіруде.

ЕАЭО құру туралы идеяның жиырма жылдығы қарсаңында аталмыш интеграциялық бірлестікті құру туралы тарихи құжатқа қол қою жоспарлануы аса мәнді», - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, өзінің қызығушылығымен бұл интеграцияға көптеген елдер әсер етеді.

«Еуразиялық интеграцияның экономикалық әлеуеті, біздің ойымызша, өте жоғары. Үш елдің экономикасының таза көлемі 0,2 трлн долларды құрайды. Үш лдің өнеркәсіптік өнімдерінің жалпы көлемі 1,5 трлн долларды құрайды. Алдағы уақыттағы таза ЖІӨ өсімі түріндегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай 900 млрд долларды құрауы мүмкін, бұл біздің сарапшылардың пікірі. Осылайша еуразиялық интеграция бізге барлық қатысушылар үшін жалпы стратегиялық артықшылық береді», - дейді ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Презиенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбында лекция оқыды. 

Айта кетейік, бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев  М. Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция  туралы дәріс оқыды.

 


Back to the list