22.04.2014
«Жылдың басында біз орташа маркетингтік экспорттың жоспарын берген болатынбыз. Ол 7 млн тонанны құрайды. Меніңше, үрдіс біз күткен жоспар бойынша жүзеге асады. Кез келген экономикалық интеграция тауар айналымын арттырады. Темір жол тарифтерін ескеретін болсақ, қазақстандық бидайдың Қара немесе Балтық теңізіндегі бәсекеге қабілеттік дәрежесін ұлғайтады», - деді А. Мамытбеков.
Сонымен қатар АШМ басшысы: «қазақстандықтар біздің мақсатымыз Қара немесе Балтық теңізінде саудалау емес. Керісінше, стратегиялық мақсатымыз егін алқаптарын оңтайландыру, яғни өзіміз тұтынытын және дәстүрлі нарықтарға саудаға шығаратын тауар өндіруге бидайды жеткілікті көлемде егу екенін түсінуі керек», деп атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінде Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлігімен айырбас-сауда мәселелері талқылануда.
«Мысалы, Мәскеу қаласы. Онда тұратын халықтардың саны Қазақстанның халықының санымен бірдей. Демек, мәскеуліктер жылына 2 млн. тонна бидайды тұтынады. Мәскеуге бидай Ресейдің оңтүстік бөлігінен әкелінеді және теміржол шығындары тоннасына 30 АҚШ долларын құрайды. Ал, бізге Мәскеуге бидайды жөнелту олармен салыстырғанда тиімдірек және осылайша айырбас операцияларды жасауда тиімді. Ал, интеграция өз кезегінде дәл осындай келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беруі бек мүмкін», - деп А. Мамытбеков түсіндірді.