18.04.2014
«Мен, кез-келген мемлекеттің интеграциялық таңдауы - ол алдымен халықтың бақуаттылық мәселесі және ол саяси таңдау емес деп есептеймін. Әр қатысушы мемлекет пен халыққа тиімді берік экономикалық прогматикаға негізделген интеграция ғана табысты, әрі нәтижелі болады. Ал, халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін интеграция жұмыспен қамтуға, бизнеске және экономиканың дамуына үлкен мүмкіндіктер береді», - деп Н. Назарбаев атап өтті.
«Бүгінгі таңда халықаралық саясаттағы өткір дағдарысты көріп отырмыз. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан мен Ресейдің тату көрші, одақтас және стратегиялық серіктес екенін мәлімдеймін», - деді Қазақстан Президенті.
«Бізде базалық келісімдер бар – 21 ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы мен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім. Таяуда екі ел осы келісімдер бойынша ратификациялық рәсімдерді жасайды. Ресеймен қарым-қатынас – біздің сыртқы саясатымыздың маңызды бағыты болды және бола береді», - деп қадап айтты Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтуде.