18.04.2014
Бәрімізге белгілі, Қазақстандағы көлік тасымалының тарифтері Ресейге қарағанда 2 есе арзан, деп атап өтті ҚТЖ өкілі.
«Тиісінше, Қазақстан жағы мәселенің негізді екеніне қарамастан, онымен келіскен жоқ. Сонымен қатар бізде ұлттық заңдылықтарға сай белгіленген, ҚТЖ экономикасында қалыптастырылатын шығындар базасына сәйкес келетін тарифтер сақталып қалды», - деп мәлімдеді Е. Жусанбаев.
Сондай-ақ, келіссөздер барысында айырықша тарифтер ұсыну, яғни жеңілдіктер беру, ұлттық деңгейде сақталады деп шешілді, деп ҚР Президенті жанындағы ОКҚ ресми порталы хабарлады.