17.04.2014
Қазақстан аталған ұйымның дамуына, беделінің өсуіне айрықша үлес қосты, нәтижесінде біздің еліміз екі мерзім қатарынан ЕурАзэҚ ПАА-ға төрағалық етіп отыр, деп парламент Мәжілісінің аппаратында хабарлады.
Пленарлық отырысқа экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік, әлеуметтік салаларда ЕурАзэҚ мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үндестіру, ЕурАзэҚ мүше-мемлекеттер аумағына шетелдіктердің келу тәртібін реттеу сынды мәселелер енгізілді.
Әсіресе, әлеуметтік заңнамаларды үндестіру, нақтылай айтатын болсақ, «атаулы әлеуметтік көмек туралы», «мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру негіздері туралы» заңнамалық құжаттарға баса назар аударылды.
ЕурАзэҚ Парламентаралық Ассамблеясының маңыздылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ұйым қызметінің ЕурАзэҚ мүше-мемлекеттер заңдарын үндестіруге, интеграцияның экономикалық аспектілерін дамытуға, сондай-ақ, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Үлгілік әлеуметтік заңнамалық құжаттарды қарау Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында халықты әлеуметтік қорғаудың ортақ ұстанымдарын әзірлеу қажеттілігіне негізделген.