11.04.2014
«Өткен жылдың қараша айынан біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында шарттың өзекті нұсқаларын жариялап келеміз. Қазіргі уақытта шарттың бес нұсқасы орналастырылған. Соңғы 2 сәуірдегі нұсқасы қазір сайтта бар, бүгін-ертең алқаның қорытынды кеңесінің алдындағы шарттың соңғы нұсқасы жарияланады. Бұл барлық кәсіпкерлерге, қауымдастықтарға бұл құжатты зерттеп, өз ұсыныстарын беруге мүмкіндік береді», - деді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, Қазақстанның бизнес-қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңы арқылы осы шарт бойынша қазақстандық позицияны нақтылауға жоғары деңгейде тартылған.
Р. Ошақбаевтың айтуынша, бизнес-қауымдастықтың ұсыныстары қазақстандық тараптың ұстанымы ретінде қабылданып, үшжақты пішіннің қаралуына берілді.