08.04.2014
«Келісім жобасын біз бір немесе екі ай бойы талқылап келе жатқан жоқпыз, ол ұзақ уақыт бойы талқылануда. Сондықтан да оның әр бабы мен пунктттері ұзақ қаралады. Себебі, біз барынша өзімізге қажетті нюанстардың барлығын ескердік», - деді Б.Сағынтаев.
Бірінші вице-премьер атап өткендей, келісім екі бөлімнен тұрады: институционалды және функционалды (экономикалық).
«Институционалды бөлім бойынша біз дайынбыз деуге болады. Тек сарапшылар деңгейінде Мәскеуде 16 сәуірде шешу керек жайттар ғана қалды. Ал, функционалды бөлім бойынша мұнай мен мұнай өнімдеріне, газтасымалдау жүйесіне, энергетикаға, өндіріске, АӨК рұқсат беру сынды мәселелерге қатысты сұрақтар қалды», - деп Б. Сағынтаев түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, Мәскеуде 15 сәуірде Үкімет басшылары талқылайтын 4-5 сұрақ бар.
«Сондықтанда Мемлекет басшылары белгілеген мерзім мамыр айы, менің ойымша үш мемлекет келісім жобасы бойынша барлық жұмыстарын аяқтап үлгереді»,- деді Б.Сағынтаев сөз соңында.