08.04.2014
«Бұл алып қашпа сөздердің қайдан пайда болатынын білмеймін, біз бірыңғай экономикалық валюта құру мәселесін мүлде көтерген емеспіз және келісім жобасында да қарастырылмаған», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, Қазақстан интеграциялық процестер кезінде өз валютасынан айырылмақ емес.
«Қазақстанда теңге қала береді», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Айта кету керек, Ресей Үкіметінің бірінші вице-министрі Игорь Шуваловтың мәліметінше, Кедендік Одақ елдерінің Орталық банкін құру жұмыстары 2025 жылға қарай аяқталмақ.