• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЕАЭО кәсіпкерлердің мүддесін қорғап қалатын қосымша кепілдемелерді қамтамасыз етеді – Сидорский 19.10.2014

«С.Сидорский Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) Еуроодақтағы (ЕО) кәсіпкерлік қызметін жүргізу барысын өзара салыстырды. Сонымен қатар, Ресей, Қазақстан мен Белорусиядағы агробизнесті жүргізудің әлеуеті мен артықшылығына тоқталды. Бұдан басқа, Министр КО мен БЭК аясында инвестициялық белсенділікті арттыру үшін жасалынып жатқан жұмыстың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды», - делінген ЕЭК ресми сайтындағы хабарламада.

Министр атап өткендей, ЕАЭО жұмыс істеуі кәсіпкерлердің мүддесін қорғап қалатын қосымша кепілдемелерді қамтамасыз етеді.

Хабарланғандай, конференция жұмысының қортындысы бойынша Еуразияның Шығысы мен Батысындағы кәсіпкерлердің өзара тиімді экономикалық байланыс орнатуы үшін қарар қабылданды.

Жалпы, келелі кеңесті Халықаралық өндірушілер мен кәсіпкерлер конгрессі ұйымдастырды, оған 10-нан астам мемлекеттен келген өкілдер қатысты. 


Back to the list