• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БЭК қатысушылары 2016 жылға қарай АӨК мемлекеттік қолдауын есептеудің жаңа әдістемесін дайындайды 20.05.2014

«2016 жылға қарай халықаралық принциптерге негізделген ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдауды есептеудің жаңа әдістемесін жасау туралы келісімге қол жеткіздік», - деді Б.Сағынтаев. 

Сонымен, ол АӨК мемлекеттік қолдауды есептеу әдістемесіне қатысты КО елдерінде жалпы нарықтағы жосықсыз бәсеке фактілерін туындататын түрлі тәсілдер бар екенін атап өтті. 

«Мемлекеттік қолдауды қалай есептеу керек екенін түсіну қажет - тауар немесе өнімге қатысты. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау туралы сөз қозғағанда, шикізатқа қарауымыз керек, ал Белоруссия соңғы өнімді есепке алады, олар келісімділіктен 10%-ға дейін аспайды. Ал, шикізатқа қатысты есептесек, оларда мемлекеттік қолдау 18,3% құрайды, яғни бұл бәсекелестік емес іс-әрекет», - деп түсіндірді бірінші вице-премьер. 

«Сондықтан, бізде ешқандай даусыз әдістеме болуы керек деп айтамыз. Мемлекеттік қолдадыңу қалай есептелетінін нақты жазып шығуымыз қажет. 2016 жылға қарай осындай әдістеме жасап шығарамыз деп келістік», - деп басып айтты Б.Сағынтаев.

 


Back to the list