• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат комитеті ЕурАзЭҚ экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы Келісімді қарады 21.04.2014

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2013 жылдың желтоқсанындағы тапсырмасын іске асыру мақсатында дайындалды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.Келісімге 2003 жылдың қазан айында қол қойылып, 2005 жылы Қазақстан Республикасы  тарапынан ратификацияланды. Ол  2007 жылдың желтоқсан айында күшіне енді. Енді Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының ЕурАзЭҚ бірыңғай кедендік аймағына енгенінен кейін кейбір баптары күшіне енетін болады.

Айта кетерлік жайт, көрсетілген баптар заңды түрде күшіне енетін болса сарапшылар бақылауына кіретін ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер аумағында (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәджікстан) тауарлар мен технологиялардың еркін қозғалысына мүмкіндік береді. Сарапшылар бақылауына кіретін өнімдер  жаппай қырып-жою қаруын жасау бойынша және әдеттегі қарулану, сонымен қатар оларды террористік актілерде пайдалану жағынан қауіп тудырады.

Заңжобасы палата қарауына жіберілді.

 

 

 


Back to the list