• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
КО пен БЭК мүше елдердің экономикалық даму бойынша басты міндеттері ұлттық экономиканы жаңғырту және әртараптандыру - Т.Сүлейменов 13.04.2014

Өзінің баяндамасында министр КО пен БЭК мүше елдердің экономикалық даму бойынша басты міндеттері ұлттық экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, шикізатты экономикадан тауарлы экономикаға көшу деп атап өтті, деп ЕЭК баспасөз қызметінен хабарлады.

««Экономика білімінің» дамуы, нарықтардың жаһандануы, жоғары технологиялы тауарлар саласындағы бәсекелестіктің артуы КО пен БЭК мүше елдердің ықпалдастық ынтымақтастығын артыруда негізгі фактор болды», - деді Т. Сүлейменов.

ЕЭК өкілі атап өткендей, күн тәртібінде басты мәселе ДСҰ ену жағдайында  біздің елдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылыми-техникалық даму стратегиясын жасақтау бойынша міндеттерді белгілеу.

«Атап айтатын болсақ, 2013 жылы Интелекутуалды жекеменшікті (ИЖ) КО және БЭК аясында күзету және  қорғау бойынша ортақ жүйе тұжырымдамасын жасақтау жұмыстары жүргізілді. Онда КО және БЭК мүше елдердің инновациялық даму және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру векторы анықталған», - деп Т. Сүлейменов ағынан жарылды.

Оның айтуынша, Тұжырымдамада КО және БЭК аясында ИЖ күзету және  қорғау бойынша ортақ жүйе жасақталып ұсынылған.  Онда авторлық және ортақ құқықты үйлестіру саясаты, интелектуалды қызметтің нәтижелерін пайдалану және коммерциялау көрсетілген.

Тұжырымдама 2014 жылдың мамыр айында жыл сайынғы Астаналық экономикалық форумда таныстырылады. 


Back to the list