08.04.2014
ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, комитет отырысы барысында КО пен ЕЭК елдерінің 2020 жылы халық санағы раундын өткізу мерзімін біріктіру туралы мәселені түбегейлі қарастыру жайы сөз болып, 2014-2015 жылдарға арналған қаржылық статистика көрсеткіштерінің реттілігін арттырумен халықаралық талаптар негізінде негізгі әлеуметтік статистикалық көрсеткіштерді құрудың бірыңғай әдісін қабылдау бойынша шаралар жоспарлары анықталды. Статистика саласында ақпараттық өзара қатынас туралы келісімді іске асыру аясында тараптарға Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми ақпараттық статистикасын ұсыну форматы мақұлданды. Сонымен қатар, өзара және сыртқа сауданың статистикалық мәліметтері сапасын қамтамасыз ету саласында кезекті міндеттемелер көрсетіліп, соның ішінде салықтық органдармен іс-әрекет форматын кеңейту жолы қарастырылды. Шараға қарысушыларға КО пен ЕЭК мүше мемлекеттерінде өзара сауда туралы статистикалық мәліметтерді жинау тәртібін унификациялау туралы мәселелерді жетілдіру шаралары қорытындысы айтылды.
Кеңес беру комитеті мүшелері 2014 жылдың қазан айында Мәскеуде комитеттің кезекті отырысын өткізуге келісті.
Кеңес беру комитетінің отырысына Армения Республикасы өкілдері қатысты.