10.11.2017
Биыл 9 қазанда жаңартылған «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары күшіне енді.
«Енгізілген түзетулер әкімшілік тосқауылдар мен артық талаптарды алып тастауға қатысты болды. Мәселен, сандэпидқортындының болуына қойылатын талаптар алынып тасталды, себебі барлық сауда объектілері хабарлама тәртібі бойынша жүзеге асырылатын эпидмаңыздылығы болмашы топқа ауыстырылды», -дейді спикер.
Шамадан тыс нақтылауды талап ететін, өндіріс пен қызмет көрсету процестерін төмендететін тармақтар қайта қаралған. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет регламенттері мен стандарттарында көзделмеген артық талаптар, басқа нормативтік құқықтық актілерде қайталанатын талаптар алынып тасталған.
«Қабылданып жатқан шаралар бизнес, әсіресе ШОБ субъектілері үшін жағдайды жақсартуға ықпал етіп, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасауды негіз етті»,-дейді Жандарбек Бекшин.
Есбол Социалхан