10.02.2015
Аталып өткендей, оңтайландырылған стандарттар тізімі 341-ден 731-ге дейін артты. Жалпы стандарттарды жаңғырту 2011-2014 жылдарға арналып қабылданған Кедендік одақтың теміржол саласындағы техникалық регламентті, яғни заманауи мемлекетаралық және ұлттық стандарттар негізінде жүргізілді.
Стандарттар тізімі өз еркімен қолдану арқасында «КО-ның теміржол қозғалысы құрамының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін талаптарын сақтауды қамтамсыз етуге мүмкіндік береді.
«Оңтайландырылған стандарттар тізімін қабылдау арқылы Кедендік одақтың теміржол саласындағы техникалық регламент базасы нақтыланды және жетілдірілді.
«Сонымен қатар, теміржол құрамы қозғалысының, жоғары жылдамдықтағы теміржол көлігі мен теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздік деңгейі едәуір жоғары деңгейге көтерілді», - делінген хабарламада.