10.10.2014
«Комиссия мемлекеттік қолдау шараларын салыстыратын және сараптама жасайтын алғашқы қадамдарды қолға алуда. Әдістемелік аппарат, атап айтар болсақ, ауыл шаруашылығы бойынша әлі де көп жұмыстар атқару керек. Әзірге біз құс, жұмыртқа және сүт бойынша отандық және шетелдік өндірушілерді салыстырғанда олардың субсидияланғаны байқалады», - дейді ол.
Оның айтуынша, егер біз бірыңғай кедендік шекара мен бірыңғай экономикалық кеңістік қағидаларын сақтағымыз келсе, осынау шараларды назарға ала отырып жұмыс істеуіміз керек.
«Қазақстанда Кедендік одақ елдеріндегі мемлекеттік қолдау шараларын реттейтін еларалық сараптамалық орталық құруға деген қажеттілік бар. Біз талдау мен салыстырудың өзіндік әдістемелерін дайындауымыз қажет. Осындай сараптамадан кейін ДСҰ мен ЭӘДҰ-ға мүше мемлекеттердің міндеттерін мойнымызға алуымыз қажет. Бұл дегеніңіз өндірістік саясаттың үйлесімі», - дейді ол.
Камила Амирова