05.09.2014
«ЕЭК кеңесінің шешімі бойынша 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін 72 орынға арналған азаматтық турбиналы-винтті жолаушылар ұшақтарын Кедендік одақ елдеріне алып келу үшін оларды кедендік баж салығынан босату туралы уақытша шешім қабылданды. Бұл жүйе тек жасы 10-нан төмен ұшақтарға ғана арналған»,- деп хабарлады ЕЭК ресми порталы.
Сонымен қатар, ЕЭК кеңесі шешімінен Қазақстанға келетін 90 орынға есептелген азаматтық турбиналы-винтті жолаушылар ұшақтарға осындай жеңілдіктер қарастырылған. Ұшақтар Қазақстанға 2015 жылдың 1 қаңтары мен 2017 жылдың 31 желтоқсан аралығында келеді.
Бұл шара Қазақстанның азаматтық авияцияны дамыту жобаларына қолдау көрсетуге бағытталған.