07.08.2014
Аталмыш техрегламенттің басты нысанасы ауыз су, оның қауіпсіздігі, табиғи ауыз су, балаларға арналған ауыз су және т.б.
«Бұл техникалық регламентте табиғи минералды суларды қорғау, ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған жүйемен қамтамасыз ету сынды бірқатар мәселелер қарастырылған», - деп жазылған Алматы қалалық кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Талқыланып жатқан техникалық регламентте суды сақтау, тасымалдау, бақылау сынды мәселелерге қатысты барлық тәртіп бүге-шүгесіне дейін жазылған.