• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл соңына дейін КЕ елдерінде роуминг тарифін төмендету туралы келісімге қол қойылады 15.07.2014

Атап айтатын болсақ, А.Жұмағалиев қазан айында өтетін элетрбайланысы халықаралық одағында байланыс опараторларының өзара жұмысы туралы келісім қаралады, деп баса айтты.

«Оның үстіне, келісімнің ішінде роумингке байланысты бөлім бар. Бұл мәселе өте маңызды және роуминг тарифтерін төмендету керек. Осы мәселені оңтайлы шешу үшін барымызды саламыз», - деп ол ағынан жарылды.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін немесе келер жылдың басында біз КЕ елдерінде роуминг тарифін төмендету туралы келісімге қол қоямыз», - деп БАА басшысы толықтырды.

«БАД-қа мүше мемлекеттердің бірде-біреуі байланыс операторларының бағасын реттеумен айналыспайды, тіпті бұл жағдай роумингке де байланысты. Бұл өте жақсы. Біз роумингке баға орнатумен айналыспаймыз. Алайда біз туындап отырған мәселені шешуіміз керек», - деп РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифиров атап өтті.

Оның айтуынша, мемлекет нарықтық экономика жағдайында бизнесті жүргізу процесіне араласпауы керек. Алайда мемлекет алдын-ала жағдай жасауға міндетті. Яғни, біздің саяси міндетіміз -  байланыс опареторларын бір-біріне қол ұшын созуға итермелеу және олардың өзара кедергілерді алып тастауына жағдай жасау», - деді ресейлік ведомствоның басшысы.

Камила Амирова


Back to the list