21.05.2014
«Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуды 4 ел қолдап отыр. Олар: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения. Оның ішінде үш ел КО-ға енуге жақын елдер: Қырғызстан, Тәжікстан, Армения», - деді В. Перебоев.
Сондай-ақ, ол бұл елдер КО-ға енуді қолдап отырғандардың қатарында екендігін айтты. Алайда, Қырғызстанда КО-ға қосылуға қарсы болған пікірлердің саны көбейді.
«Егер өткен жылы 14 пайыз теріс пікір қалыптасса, 2014 жылы қарсы болғандар саны 16 пайызды құрады. Ал пікірді қолдау 13 пайызға азайды», - деді сарапшы.
Оған қоса, Грузияда Кедендік одақ қатарына қосылуды қолдаудың саны артқан.
«Бұл Кедендік одақ пен Грузия арасындағы қарым-қатынасты белсенділете түсу қажеттігін көрсетеді», - деді ол.
Камила Амирова