21.05.2014
«Контрафактілі өнімдердің айналымы біздің экономиканы құлдыратады. Бұл орайда КО жағдайын алатын болсақ, кедендік қызметтің ақпараты бойынша, 2013 жылы 9,5 млн көнтрафактілі өнім табылды», - деді ол.
Оның айтуынша, кедендік және өзге құқық қорғау органдарының көмегімен 100 млн теңгенің шығыны ауыздықталды.
«Бұл мәліметтер 2014 жыл бойынша аса өзгеріске түспеді. 2,5 млн бірлік контрафактілі өнімнің шығыны 30 млн теңгені құрады», - деді Т. Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгін Астана экономикалық форумында сарапшылар, бинес-қауымдастық мүшелері мен өзге өкілдер қазіргі заманның экономикалық және заманауи жағдайымен күрес мәселесін талқылауда.
Мадина Нұрбекова