30.04.2014
Оның айтуынша, қойылатын талаптар азық-түлік мақсатында Кедендік одақтың кендік аймағына шығарылатын ет өнімі мен мал сою өнімдеріне қатысты.
«Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығына 12 техникалық реттеу дайындалуы керек. Атап айтар болсақ, ол астық, азық-түлік, май өнімдері мен өзге де тағам қауіпсіздігі. Сонымен қатар, мұнда балықты, ет өнімдерін, тыңайтқыштарды, жем-шөп қоспаларын, тракторды маркілеу мен құс еті қаупсіздігіне де қатысты», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР-да барлық тағам өнімдерін қамтитын көлденең техникалық реттеу шаралары басталды.
«Тігінен техреттеу жекелген тамақ өнімеріне ғана қатысты тарайды. КО аясында техникалық реттеулердің паркетті ұстаныммен жұмыс істейтінін ұмытпауымыз керек. Демек, тігінен техникалық реттеудегі орындалатын талаптарды сіз азық-түлік техникалық реттеулер ішінен таба алмайсыздар», - дейді ол.
Оның мәліметінше, сүт пен ет қауіпсіздігі бойынша техреттеу 2014 жылдың1 мамырынан бастап күшіне енеді.
«Балық, жем-шөп, тыңайтқыш, құс еті әлі дайындалмай, қазіргі таңда мақұлдану кезеңінде жатыр. Таяуда ғана ол Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімін алуы керек болатын», - дейді А.Құдайбергенова.