22.04.2014
«Осы маркетингтік жылда бидай экспорты 9 млн тонна деңгейінде болады деп жоспарлаудамыз. Демек экспорт көлемі өткен жылдан 26%-ға жоғары болмақ. Осы маркетингті жылдың басынан бастап (2013 жылдың 1 шілдесіне бастап 2014 жылдың 1 ақпан аралығында) 5,3 млн. тонн бидай экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінші кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық», - деді А. Мамытбеков.
Ведомство басшысы атап өткендей, 2013 жылдың қазанынан бастап ай сайын 1 млн тоннадан астам бидай мен ұнның бидайдай баламасы сыртқы саудаға шығарылуда.
Ол өткен маусыммен салыстырғанда 33%-ға жоғары.