• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
КО аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы экспортының  көлемі 1,5 есеге  көбейді – М.Тайтубаев 21.04.2014

«Қазіргі таңда КО аясында импортпен қатар экспорттың да артып келе жатқаны байқалады. Бірнеше тауар түрі бойынша тауар тасымалы артып келеді. Былтырмен салыстырар болсақ, ауыл шаруашылығы тауарларының жалпы экспорты шамамен 1,5 есеге артты. Ресей мен Беларусьтен бізге тасымалданатын тауар түрлері тиісінше артып келеді», - дейді М.Тайтубаев.

Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветринарлық тексеріс және бақылау комитетінің төраға орынбасары Мереке Тайтубаев КО көлемінде қазақстанық ветеринарлық өнімдерге деген сұраныстың жоғары екенін айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ресей, Беларусь пен Қазақстанда ветеринарлық заттардың кең түрі тіркелген.

«РФ мен Беларусьтердің біздің тауарға деген қызығушылығы жоғары. Бұл әрине, бізге өте пайдалы. Қазіргі таңа шекаралық ветеринарлық тексерістің жоқтығы әкімшілік кедергіні жойып, кәсіпкерліктің дамуына жо ашып отыр», - дейді М.Тайтубаев.


Back to the list