• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда КО   жағдайындағы мал шаруашылығы өнімінің жаңа талаптары талқыланды 14.04.2014

Кәсіпкерлерге «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық реттеунің негізгі жағдайы түсініріліп, оның қосымшасындағы «Тамақ өнімерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық реттеуі дайындалды.

2014 жылдың 1 мамырынан бастап Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында күшіне енген ет және ет өнімдеріне, мал шаруашылығынан алынатын барлық тамақ өнімдеріне бірыңғай қауіпсіздік талабы тек Кедендік Одақтың техникалық реттеу талаптарына сай келген жағдайда ғана қаралады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті.

Мал сою жұмыстары осы мақсатта салынған арнайы орындарда ғана жүзеге  асырылуы керек.

Сонымен қатар, мал сойылатын өндірістік нысандарда тамақ және тамақ емес өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ет және ет өнімдерін дайындау бойынша өндірістік нысандарды пайдалануға беру мен құрамы бойынша гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтауы керек. 


Back to the list