10.04.2014
Қазақстандағы Беларусь елінің Мәдени күндерінің салтанатты ашылуына Беларусь елінің Мәдениет министрі Борис Светлов пен ҚР Мәдениет министрі Арысбек Мұхамедиұлы қатысады.
Шара барысында астаналық Конгресс-холда Беларусь елінің шығармашылық ұжымы мен бастаушы солистердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Оның құрамына ұлттық әртістер РБ – Я.Поплавская, А.Тихонович, ВИА «Верасы», «Песняры» ансамблі, «Хорошки», А Креммко қатысады.
Сондай-ақ, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары Бүгінгі « Беларусь» фото көрмесіне куә бола алады.