• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2013 жылы Қазақстанның Кедендік Одақ елдерімен тауар айналымы 24 млрд доллардан асты 08.04.2014

«КО құрғаннан бергі уақытта Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі шетелдік инвестиция көлемі шамамен 2 есеге өсті. Атап айтар болсақ бұл көрсеткіш 2009 жылы 1,8 млрд доллар болса, 2012 жылы 3,4 млрд долларға дейін жетті. Осы орайда тікелей тартылған шет елдік инвестиция көлемі 34 пайызға артып, 28 млрд долларға жеткен», - деді Б.Сағынтаев.

Жалпы, Кедендік Одақ құрылғалы бері транспорттық құралдар өндірісі, қара металдан, пластмассадан, резеңкеден, қағаздан дайын бұйымдар дайындау саласында ауыз толтырып айтарлықтай үрдістер қалыптасты.

«Сауда саласына келер болсақ, 2013 жылы Қазақстанның Кедендік Одақ елдерімен тауар айналымы 24 млрд доллардан асты. Осы орайда біздің өзара байланысымыздың бәсекелестікке кері әсерін тигізіп, отандық өндірістің аяғына тұсау болатынын айтқандардың сөзіне мән бермеу керек. Қарапайым ғана мысал, біздің кондитерлік өнім мен шоколадтарымыздың экспорты 3 есеге артты. Жүк тасымалы Ресей мен Беларуське 17 есеге дейін өсті. Цемент экспорты болса 16 есеге дейін көбейген», - деді вице-премьер.


Back to the list