17.11.2017
Кездесу барысында облыс әкімі екі ел арасындағы сауда-саттыққа тоқталды.
«2017 жылдың 6 айында Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында сауда- айналымы 44 524,7 мың АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 45,3 пайызға артқанын бiлдiредi», — деді Мәлік Мырзалин.
Өз кезегінде, Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше жəне өкiлеттi елшiсi Икром Назаров, ақмолалықтардың қонақжайлылығына ризашылығын бiлдiрiп, бүгiнгi кездесу екi аймақ арасындағы қарым — қатынастың одан әрi нығайтуға септiгiн тигiзетiнiне сенiм бiлдiрдi.
Кездесу соңында Ақмола облысы әкiмдiгi мен Сырдария облысының хокимияты арасында сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық саласындағы өзара əрiптестiк туралы меморандумға қол қойды. Сондай — ақ келесi жылы өтетiн Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында Ақмола облысында Сырдария облысы күндерiн және Қазақстанның Өзбекстандағы жылы барысында Ақмола облысы күндерiн Сырдария облысында өткiзу келiсiлдi.