• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР СІМ Путин мен Назарбаев қандай келісім жасағаны туралы хабарлады 10.11.2017

«Форум, ол екі елдің басшыларын біріктіретін алаң болып табылады. Осы ретте аталмыш шара Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін одан ары нығай та түсті. Өздеріңіз білетіндей, ҚР мен РФ-ның өзара шекарасының ұзындығы 7,5 мың шақырымды құрап отыр. Сондықтанда шекара маңындағы аймақтардың өзара ынтымақтастығына қос елдің басшылары ерекше көңіл бөліп отыр. Жалпы, жыл сайын өткізілетін форумның әр жылы бір тақырыпқа арналады. Мысалы өткен жылы ол  транзиттік-көлік ынтымақтастығына арналған болатын, ал осы жылы адами капиталды дамытуға басымдылық берілген.  Форум аясында бірқатар ірі шаралар өткізілді, оның қатарында қос елдің басшыларының қатысуымен өткен форумның панельді сессиясы бар. Бұдан басқа, ректорлар форумы, Іскерлік кеңестің отырысы, адами капиталды дамыту мәселелеріне арналған көрме де өткізілді», - деді Н.Қаджиақпаров.

Ол атап өткендей, форумның нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты  мемлекетаралық, үкіметаралық және екі елдің аймақтары арасында құжаттарға қол қойылды.

«Бірінші кезекте екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойғанын атап өткім келеді. Бұдан басқа Солтүстік мұхит түбінің шекарасын анықтайтын мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Астанадағы Мәскеу университетінің филиалына қатысты үкіметаралық келісім жасалды. Қосымша, Байқоңыр қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердегі медициналық қызмет көрсету мәселесі бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жалпы, форумның қорытындысын өте жоғары бағалауға болады», - деді Н.Қаджиақпаров.

Естеріңізге сала кетейік, Челябинскте  Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтті. Форум жыл сайын 2003 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасы бойынша өткізіліп келеді.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list