10.11.2017
ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, екі жақ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және жиналған сауда-экономикалық мәселелерді шешуге қатысты өзара мүдделерін атап өтті.
Министрлер екі елдің сыртқы саясат ведомстволары бойынша байланыстарды жандандыру туралы уағдаласты.
Тараптар екіжақты Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынастарын нығайтуға екі тарап та мүдделі екенін және жиналып қалған сауда-экономикалық мәселелерді жылдам шешу қажеттігін атап көрсетті.
Айта кетейік, Қ.Әбдірахманов пен Э.Абдылдаев Самарқандқа Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференцияға және «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» кезекті диалогына қатысу үшін барған болатын.