• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұлыбританияда  Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды 09.11.2017

Форумда сөз сөйлеген Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов  25 жыл ішінде Қазақстан мен Ұлыбританияның  ынтымақтастық мәртебесі  стратегиялық серіктестік  деңгейіне  өткенін айтты.

СІМ хабарлағандай, Британия Қазақстанның экономикасына  құятын ірі инвесторлардың бірі әрі  маңызды сауда  және экономикалық серіктесі. Сенімді әрі тұрақты қарым-қатынас негізінде біздің елдер  «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру, ҚР ұлттық компанияларын жекешелендіру компаниясы, «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастама аясындағы өзара байланыс  салаларында  белсенді ынтымақтастық жүргізеді. Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды бастамалардың бірі  жоғары технология мен банк саласына  британдық тәжірибені қолдану болып табылады.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэролин Браун британдық мамандар  қазақстандық әріптестерімен  тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.

«Халықаралық сенім – «Астана» Халықаралық қаржы орталығын табысқа апаратын жол. Қазақстанға неғұрлым көп елдер инвестиция құюды қарастырса, соғұрлым АХҚО  қаржы және заң консультацияларын ұсыну бойынша  маңызды рөлге ие болады», - деді К.Браун.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов қаржы орталығы алаңында  инвесторларды тартуға  барлық қолайлы жағдай жасалғанын айтты.

«АХҚО-ның   Батыс пен Шығыс елдерінің арасындағы  сауда-қаржы ағынын  қамтамасыз ететін   Еуразия қақпасына айналуына барлық мүмкіндігі бар», - деді Қ.Келімбетов. 


Back to the list