03.11.2017
Сондай-ақ Әскери комитеттің отырысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, Әскери комитеттің мүшелері – Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Қарулы Күштері бас штабтарының бастықтары қатысуда.
Жұмыс барысында ҰҚШҰ-ның әскери құрамдасын дамыту, ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде әскери-саяси жағдайды дамыту мәселелерін талқылап, 2017 жылдың жедел және жауынгерлік даярлығының бірлескен іс-шараларының қорытындысын шығарады.
Тараптар Ұжымдық жедел ден қою күштерін жедел өрістету жоспарын қарастырып, Ұйымның мүше мемлекеттері мүддесінде ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін іске асыру туралы мәселені қозғайды.