02.11.2017
«Келесі жылдан бастап «airBaltic» Алматы арқылы ұшады деп айта аламын, Рига-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашылады. Биыл Bombardier CS 300 жаңа ұшақтарына қол жеткіздік, 60-қа жуық тікелей рейс өзге елдерге қатынайтын болады», - деді У.Рейманис.
Ол айтып өткендей, еуразиялық тасымалдау мен Латвия үшін халықаралық ынтымақтастықтың рөлі зор.
«Латвия Литва, Эстония, Ресей, Беларусь, Қазақстан үшін толықтай ашық. Біз өзара ынтымақтастықты толықтай қолдаймыз», - деді спикер.
Еске сала кетейік, қарашаның 1-нен 3-іне дейінгі аралықта өткен конференция аясында БҰҰ-ның көлік және шекарадан өту СПЕКА жобалық жұмыс тобының 22-сессиясы, көлік және логистика бойынша 21-ші TransKazakhstan/Translogistica 2017 халықаралық көрмесі, қосымша іс-шаралар сериясы ұйымдастырылды.
Ақбота Күзекбай